БІЛІМ КҮНІ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Білім күні баспаналы болды. «Seitzhan School» мектебінде әр жаңа оқу жылы басында үздік мұғалімдерге баспана сыйлау дәстүрге айналған. Биыл да сол үрдіс жалғасып білім ұясының қос ұстазы құрылтайшының қолынан пәтер кілтін алды. Білім ұясында өткен алғашқы қоңыраудытілші әңгімелейді.
«Seitzhan School» мектебінде 650 бала білім алады. Биыл бірінші сыныпқа 60 оқушы қабылданған. Солардың бірі Ахмет Сұлтан. Арманы асқақ бала келешекте президент болғысы келеді.
АХМЕТ СҰЛТАН, «SEITZHAN SCHOOL» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ
Мен бірінші сыныпта оқимын. Сабақты жақсы оқимын. Достарым көп. Өскенде президент боламын.
Бұл мектепте үздік ұстаздарға баспана сыйға тартылады. Биыл екі оқытушы үйлі болды. Бастауыш сынып мұғәлімі Зағира Лайысханова құрылтайшының қолынан пәтер кілтін алды. Енді ұстаз үйге алаңдамай бар күш жігерін шәкірт тәрбиесіне арнайтын болады. Материалдық мұқтаждығы жоқ мұғалім мектепке тер төгері сөзсіз.
ЗАҒИРА ЛАЙЫСХАНОВА, «SEITZHAN SCHOOL» МЕКТЕБІНІҢ МҮҒАЛІМІ
Білім күні құтты болсын Бұл күн біз үшін өте маңызды. Барлық оқушыларға сәттілік тілеймін. Биыл бірінші а сыныбын алып отырмын. Бізде оқушылар үшін барлық жағдай жасалған.
Үш жыл бұрын ашылған ақылы мектептің шәкірттері жеткен жеттістіктер жетерлік. Шығармашылық және спорттық бағыт бойынша халықаралық деңгейде – 90 жетістік, республикалық деңгейде – 66, қалалық және аудандық деңгейде – 121 жетістікке қол жеткізген.