ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫ ЕЛГЕ ОРАЛДЫ
Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жүлдегерлері Адия Жанахмет пен Тоғжан Төлебай туған жерге оралды. Шымкент әуежайында спортшыларды ата-аналары, спорт мектебінің оқушылары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды.
Чемпионаттың алғашқы күнінде 40 келі салмақта сынға түскен Адия Жанахмет күміс жүлдеге ие болды. Бұл – жас спортшының әлем чемпионатындағы алғашқы медалі. Адия жарыс барысында төрт белдесу өткізіп, қарсыластарының үшеуін жеңді. Финалда өзбекстандық спортшыға есе жіберді.
АДИЯ ЖАНАХМЕТ, ДЗЮДОДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ
Осыған дейін бірнеше еуропа күрестік. Бірнеше еуропадан чемпион атандым және қола жүлдегер атандым. Жарыста 4 белдесу бердім. Бірінші белдесуде Әзірбайжандық палуан қызбен күрестім. Оны Ипон әдісімен ұттым. Екінші белдесуде Түркиялық қыз. Үшінші белдесуде Бразилиялық. Онымен бұрында кездескенмін. Және оны вазария әдісімен ұттым. Финалда Өзбек қызымен шықтым. Бірақ ол қызға есе жіберіп қойдым.
Ал Тоғжан Төлебай 63 келі салмақта өнер көрсетті. Ол аралас командалық жарыста Қазақстан құрамасының сапында қарсыластарының бәрін жеңіп, командасымен бірге әлем чемпионы атанды. Осылайша Шымкенттің қос спортшысы әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғады.
ТОҒЖАН ТӨЛЕБАЙ, ДЗЮДОДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Жеңісім өте өзімнің құлшылығыммен келген жеңіс деп ойлаймын. 4 белдесудің барлығында мен ұтып шықтым. Ұтып шыққаннан кейін чемппион болдық.
Жарыс 20-23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өтті. Әлем чемпионатына Қазақстан құрамасынан 10 қыз бен 10 ер бала қатысты.
АЗАМАТ МЫРЗАБАЕВ, АҒА БАПКЕР
Бізде Шымкент қаласында екінші жетістік. Оның алдында үш жыл бұрын 2023 жылы Юлдашбекова Сабина деген қызымыз әлем чемпионатында күміс жүлдемен келген болатын. Оған енді үш жыл еңбек етіп Жанахмет Адияны күміс жүлдемен қайттық. Бірақ ойда алтынмен кеткенбіз күміспен қайттық. Бізде әлі бір жылымыз бар чемпионат мираға. Ендігі жылы әлем чемпионы болып келуге біз сөз береміз.
Қазақстандық дзюдошылар әлем біріншілігінде 3 алтын, 3 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды. Бұл – отандық дзюдо тарихындағы үздік нәтижелердің бірі. Ал Шымкент спортшылары Адия Жанахмет пен Тоғжан Төлебай ел қоржынына қос жүлде салды.