Негізгі Жаңалықтар БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

БІРНЕШЕ ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Түркістан облысы аумағында бірқатар инвестициялық жобалар жүзеге асырылмақ. Сайрам ауданында карбамид тыңайтқыштарын өндіретін зауыт салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, елімізде алғаш рет жүк көліктері мен автобустарға арналған шиналар өндіретін зауыттың құрылысы жоспарлануда.    

Іске асырылуы жоспарланған жаңа жобаларды инвесторлар облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен кезекті инвестициялық штаб отырысында таныстырды. Сонымен қатар, әлеуетті қаржы салушылар өңірде сұйытылған көмірсутек газын сақтау және теміржол эстакадасы арқылы автоцистерналарға құю базасын салмақ. Жиында барлық инвестициялық жобалар зерледеніп, іске асыру мүмкіндіктері мен экономикалық тиімділігі жан-жақты қаралды.Жобалар қолдау тауып, бірқатар кәсіпорындардың құрылысы қыркүйек айында басталатын болды.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Егер экономика жағынан жердің орналасуы, логистикалық жағдайы сіздерге сай келсе, мәселе жоқ. Біз 2 гектар жер беруге дайынбыз. Егер сіздерге 6 ай уақыт берсек, осы мерзім ішінде құрылыс жұмыстарын бастап кетсеңіздер, жер көлемін ұлғайтып, жұмысты әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік береміз.


 Өңірде тағы бірнеше өндірісті жүзеге асыру көзделіп отыр. 2 гектар аумақта полимерлік дисперсияларды синтездеуге арналған автоматтандырылған зауыт салу жоспарлануда. Сондай-ақ, мақта мен сабаннан целлюлоза өндіретін зауыт пен күнбағыс майын өңдеу зауытының құрылысы қолға алынбақ. Айта кетейік, Түркістан облысының экономикасына 8 жылда жалпы көлемі 7 трлн 570 млрд теңгеден астам инвестиция тартылған.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар