ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫН АЛДЫ
Шымкентте «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы жұмыстар қарқын алды. Қаланы көгалдандыру, саябақтарды жаңарту және қоршаған ортаны жақсарту бағытында бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұған қоса, заңсыз қоқыс орындарын жоюға да басымдық берілуде.
Қаланың көркін арттыру үшін биыл 3,2 миллион түп гүл отырғызылды. 103 шақырым аумаққа автоматты және тамшылатып суару жүйесі орнатылды. Ал магистральды көшелерге 1700-ден астам гүлді вазон қойылды. Тұрғындардың жайлы демалысы үшін 7,2 гектар аумақты қамтитын Жапон және City Park саябақтары жаңғыртылды. Бұрынғы қалдық полигонының орнына демеушілер қаржысына 45 гектарлық Экопарк салынды. Мұнда жасанды су айдыны жасалып, 5 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Қошқар ата өзенінің 20 шақырымнан астам бөлігін абаттандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Қалдықтарды басқару саласында да ірі жоба қолға алынбақ. Құны 100 миллион АҚШ долларын құрайтын зауыт тәулігіне 1 мың тоннаға дейін қоқысты термиялық өңдеп, 24 мегаватт электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда. Ал ғарыштық түсірілімдер арқылы анықталған 30 заңсыз қоқыс орны толық тазартылды.
ӘБІЛҚАЙЫР БАҚЫТҚАЛИҰЛЫ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ЖАЙЛЫ ОРТАНЫ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Біз бүгін Шымкент қаласының қалалық жайлау орталығын дамыту басқармасы тарапынан соңғы 7 айда атқарған жұмыстарымыздың есебін қысқаша беруге келіп отырмыз.Жалпы өздеріңізге белгілі біздің барм функционалдық міндетіне қаланы көріктендіру,жайлы қалалық орта қалыптастыру,парктермен скверлердің құрылысы сонымен қатар су қоймаларының жұмыстарын мониторинглеу,каналдар салу,су арналарын жүргізу жұмыстары кіреді.Жалпы жыл басынан бері біршама жұмыстар атқардық.Соларға біршама тоқталып кетуге рұқсат берсеңіздер.