40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Шымкентте тұрғын үй кезегінде тұрған тағы 40 отбасы баспаналы болды. Бүгін қоныс иелеріне жаңа пәтерлердің кілті табысталды. Салтанатты шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.
Шымкенттік тұрғын Табиға Әділбекова он бес жылдан бері баспана кезегінде тұрған. Бүгін ол жаңа әрі жайлы үйдің кілтін алып, Бозарық шағынауданындағы екі бөлмелі пәтерге ие болды.
СОНА ӘДІЛБЕКОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бұл – менің сіңілім.2015 жылдан бері үй кезегінде тұрған.Екінші топтағы мүгедек.Бозарық шағынауданынан екі бөлмелі пәтер берді.Енді қоныс тойын тойлаймыз.Барлығына рақмет.
Қазір Шымкентте тұрғын үй кезегінде 95 мыңға жуық азамат тіркелген. Жыл соңына дейін 7 мыңнан астам тұрғынды баспанамен қамту жоспарланып отыр. Ал бүгін пәтер кілтін алған 40 отбасы жалдамалы негіздегі үйлерге орналасады.
ДАНИЯР ТАЙШЕКЕНОВ, «ОТБАСЫ БАНК» АҚ «БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ» БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл жерде осал санаттағы азаматтар алып жатыр.Яғни көпбалалы аналар, мүгедектігі бар жандар, ата-анасынан айырылған тұрғындар.Бұл-пайызсыз берілетін үйлер.Үйлерді бұл азаматтар сатып алу құқығымен алды.
Шаһарда тұрғындарды баспанамен қамту жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Мәселен, өткен жылы осы санат бойынша 1 500-ге жуық азамат жаңа пәтерге ие болып, қоныс тойын атап өткен. Жаңа үйлер қажетті инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген.