Негізгі Жаңалықтар АРДАГЕРЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

АРДАГЕРЛЕР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Түркістандық ардагер футболшылар ел біріншілігінде топ жарып, жеңіс тұғырына көтерілді. 50 жастан асқан спортшылар арасында мини-футболдан өткен чемпионатқа қатысушылар бас жүлдені жеңіп алды.


 Жарыста жоғары шеберлік көрсеткен чемпиондарды Түркістан өңірі ерекше сән-салтанатпен қарсы алды. Теміржол вокзалында өткен салтанатты жиынға спорт ардагерлері мен қала тұрғындары жиналып, жеңімпаздарға ыстық ықыластарын білдірді.


 МАДИЯР ӘЛІПОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
 Түркістан халқы сіздер үшін тақымын қысып отырды.Бәріміз қуандық.Өңіріміздің абыройын көтердіңіздер.Осы жеңістен тайынбаңыздар.


Бұқаралық спортты дамытуға арналған мұндай жарыстар елде жиі ұйымдастырылып тұрады. Бұл арқылы спортшылар салауатты өмір салтын ұстанып, шеберлігін шыңдайды.


ҒАППАР СӘРСЕНБАЕВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Дені сау адамның жаны сау дейді.Дендеріңіз сау болсын.Бұл жетістікке жету оңай емес, әрине.Жүлдені енді қолдан бермейік, биіктерден көріне берейік.


Ізгі тілекке бөленген жеңімпаздар ел біріншілігіндегі бұл жеңіс үлкен асулардың басы ғана екенін айтады. Түркістандық футболшылар алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуге ниетті.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар