Негізгі Жаңалықтар ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

ҚОҚЫС АЛАҢШАЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР

2026 жылдың маусым айына дейін мегаполистен 121 мың тоннадан астам қалдық шығарылған. Оның 44 мың тоннаға жуығы сұрыптауға жіберілген. Қалада қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау жүйесін енгізу жұмыстары да қолға алынды.


 Қала аумағында жалпы саны 573 қоқыс алаңшасы мен 3070 қоқыс контейнері бар. Қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мақсатында пилоттық жоба жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде қаланың 4 мекенжайына заманауи қоқыс алаңшасы орнатылды. Әр алаңша 8 контейнермен жабдықталған. Оның 5-еуі тұрмыстық қалдықтарға, ал 3-еуі қағаз, пластик, шыны және алюминий сияқты қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды бөлек жинауға арналған. Алдағы уақытта сұрыптау жүйесін жетілдіру мақсатында тағы 100 заманауи қоқыс алаңшасын орнату жоспарланып отыр.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар