ГАЗ ҚҰБЫРЫНДА ӨРТ ШЫҚТЫ
Бүгін Шымкенттегі Қаратөбе тас жолында газ құбырынан өрт шықты. Оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімшелері жүк көлігі мен бұрғылау жабдығының ашық жалынға оранғанын анықтады.
Газ қызметінің мамандары қауіпсіздік мақсатында вентильді жауып, газ беруді дереу тоқтатты. Ал Төтенше жағдайлар басқармасы құбырды салқындатып, өртті толық ауыздықтады. Жедел әрекет еткен мамандар жалынның жақын маңдағы тұрғын үйлерге таралуына жол бермеді. Қазір тілсіз жаудың қалай орын алғаны анықталып жатыр.