Негізгі Жаңалықтар ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕДТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ

ЖҮРГІЗУШІЛЕР МЕДТЕКСЕРУДЕН ӨТЕДІ

25 тамыздан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілеріне қатысты жаңа талап күшіне енді. Енді 65 жастан асқан және мүгедектігі бар жүргізушілер екі жыл сайын медициналық тексеруден өтуі тиіс. Тексеруден өткені туралы мәлімет ақпараттық жүйеде расталмаса, көлік құралын басқару құқығы уақытша тоқтатылады.


Бұл талаптың орындалуын Денсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктерінің ақпараттық жүйелері автоматты түрде бақылайды. 65 жастан асқан жүргізушілердің екі жыл сайын медициналық тексеруден өту тәртібі жаңа емес. Бұл талап 2024 жылдан бері қолданыста. Медициналық тексеру аяқталған соң оның нәтижесі Ішкі істер министрлігінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде көрінеді. Сондықтан жүргізушілерге ІІМ-ге қайта барып, құжат тапсырудың немесе жүргізуші куәлігінің мерзімін ұзартудың қажеті жоқ. Медициналық комиссия құрамында учаскелік немесе жалпы практика дәрігері, психиатр, офтальмолог және отоларинголог болады. Ал жүйеде 073/у нысаны бойынша медициналық тексеруден өткені туралы мәлімет болмаса, көлік жүргізу құқығы шектеледі.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар