Негізгі Жаңалықтар МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТКІЗУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды медициналық тексеруден өткізудің жаңа тәртібін бекітті. Бұл өзгерістер 1 айдан 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамтиды.


Тексерісті алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының мамандары мектептер мен балабақшаларда өткізеді. Ал ата-аналарға бұл туралы арнайы медициналық цифрлық жүйелер мен мобильді қосымшалар арқылы алдын ала хабарлама жолданады. Міндетті тексеру алгоритмі баланың жас ерекшелігіне байланысты бірнеше кезеңнен тұрады. Медициналық тексеру алдында олардың бойы мен салмағы өлшенсе, 5 жастан асқан балаларда дене салмағының сәйкестігін бағалайтын Кетле индексі есептеледі.Ал 6 жастан бастап олардың қан қысымын тұрақты түрде өлшеу міндеттеледі. Бұл бастама балалар арасындағы созылмалы ауруларды ерте кезеңнен анықтауға бағытталған.Құжат 30 тамыздан бастап күшіне енеді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар