САЙЛАУШЫЛАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУДА
Шымкентте Құрылтай сайлауына дауыс беру жалғасып жатыр. Таңсәріден сайлау учаскелеріне ағылған тұрғындар өз таңдауын жасап, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсенді қатысуда.
Қаладағы сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Халық Құрылтай сайлауының маңызын түсініп, азаматтық таңдауын жасауға асығуда. №98 сайлау учаскесіне Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің басқарма төрағасы Қайрат Балабиев те алғашқылардың бірі болып келіп, дауыс берді.
ҚАЙРАТ БАЛАБИЕВ, Ө.ЖӘНІБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ОҚПУ РЕКТОРЫ
Бұл Құрылтайдың біздің еліміз үшін маңызы өте зор. Өйткені бұл – ең жоғары заң шығарушы орган. Сондықтан жаңадан қабылданатын заңдар да сол жерде қаралады. Бүгін таңғы сағат жетіден бастап тұрғындар өз дауысын беріп жатыр. Мен де таңдауымды жасадым.
№98 сайлау учаскесінде 1 396 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру процесі белгіленген талаптарға сай ұйымдастырылып, тұрғындардың өз таңдауын еркін жасауына барлық жағдай қарастырылған.
БЕРКІНБАЙ ШУЛАНБЕКОВ, №98 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Мұнда 1 995 сайлаушы бар. Бұл кісілердің бәрі келіп, сайлауға қатысып жатыр. Барлық тұрғынға қолайлы жағдай жасалған.
Жалпы, Шымкентте 713 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Қала тұрғындары таңнан бері белсенділік танытып, өз таңдауын жасап жатыр.