Негізгі Жаңалықтар ЖАСТАР ТЕАТРЫ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

ЖАСТАР ТЕАТРЫ САЙЛАУҒА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

Жастар театрының ұжымы да бүгінгі маңызды күннен қалыс қалмады. Өнер ордасының қызметкерлері №100 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады.


Сахнада көрерменге ой салып, өнерімен елге қызмет етіп жүрген театр ұжымы бұл саяси науқанды ел болашағына арналған маңызды қадам деп санайды. Өнер иелері сайлау учаскесіне көтеріңкі көңіл-күймен келіп, саяси науқанға белсене қатысты.


ЖАСҰЛАН РАХИШЕВ, ЖАСТАР ТЕАТРЫНЫҢ ӘРТІСІ
 «Бүгін ел үшін маңызды күн. Бұл саяси науқанға Жастар театрының ұжымы да келіп, дауыс берді. Өз азаматтық ұстанымымызды білдіріп, таңдауымызды жасадық.»


Учаскелердегі дауыс беру процесі белгіленген тәртіпке сай ұйымдастырылған. Мұнда таңғы уақыттан бастап тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасап жатыр.


 ЖАНАР МӘУЛЕНОВА, №100 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ
«Біздің сайлау учаскесінде 1 276 сайлаушы бар. Таңғы 07:00-де жұмысты бастап, байқаушылардың қатысуымен іске кірісіп кеттік. Қазір қала тұрғындары келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Бүгін таңертең ең алғашқы келген тұрғынға сый-сияпатымызды бердік.»


 Айта кетейік, Шымшаһарда 713 491 сайлаушы тіркелген. Қазір қалада 371 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар