Негізгі Жаңалықтар 6 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН КҮРДЕЛІ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ

6 МЛН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН КҮРДЕЛІ ОТА ТЕГІН ЖАСАЛДЫ

Шымкентте күрделі әрі қымбат нейрохирургиялық оталар тегін жасалып жатыр. Қалалық №2 аурухананың дәрігерлері заманауи медициналық технологиялардың көмегімен бұрын шетелде немесе ірі медициналық орталықтарда ғана жасалған сирек операцияларды сәтті жүзеге асыруда.


 Қалалық №2 ауруханада 38 жастағы әйелге ми тамырының аневризмасына байланысты жоғары технологиялық эндоваскулярлық операция жасалды. Құны 6 млн теңгеден асатын медициналық көмек пациентке тегін көрсетілді. Науқас біраз уақыт бойы басының қатты ауыратынын айтып, дәрігерге жүгінген. Тексеру барысында МРТ зерттеуі арқылы ми тамырында аневризма бар екені анықталған. Науқасқа ашық операция жасалмай, заманауи эндоваскулярлық әдіс қолданылды. Нейрохирургтер арнайы медициналық құралдарды қан тамырының ішіне енгізіп, аневризмаға стент орнатты. Бұл әдіс аневризмаға түсетін қан ағынын азайтып, оның жарылу қаупін төмендетуге мүмкіндік береді. Айта кетейік, жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету аясында тиісті медициналық көрсетілімдер болған жағдайда мұндай күрделі операциялар пациенттерге тегін жасалады.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар