Негізгі Жаңалықтар ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Тұран ауданында заманауи балалар алаңшаларының қатары артып келеді. Қазіргі таңда тұрғындардың ұсынысы ескеріліп, аулалар абаттандырылып, жаңа нысандар салынып жатыр. Биыл әкімдік бүлдіршіндерге арнап 28 ойын алаңын орнатуды көздеп отыр. Соның бірі бүгін Асқаров көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің ауласында орнатылды.


Жаңа алаңда ойын баласына қажеттінің бәрі бар. Бұған дейін бос тұрған аумақ енді балалардың белсенді демалысына арналған жайлы кеңістікке айналады. Мұнда түрлі ойын элементтерімен қатар, үстел теннисі мен шахматқа арналған орындар да қарастырылған. Яғни бүлдіршіндер қимыл-қозғалысын шыңдап, зейінін дамытып, уақытын пайдалы өткізе алады.


 ТАМАРА ӘЛІМҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бұрын бұл жердегі ойын элементтері сынып жататын.Басқа аулаларға апаратын едім немерелерімді.Қазір жақсы болды.Балалар ойнайтын паркке айналдырды осы аумақты.


Алаңның сапасы да талапқа сай. Мұнда орнатылған барлық құрылғы берік материалдардан жасалған. Жауапты мамандардың айтуынша, ойын алаңшасы ауа райының тосын мінезіне төтеп беруге де бейімделген.


ДӘУРЕН БАЛГАНОВ, ТҰРАН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Тұрғындардың сұрауы бойынша балалардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында талапқа сай осындай ойын алаңшалары салынып жатыр.Бұл жұмыстар мердігер компания тарапынан атқарылуда.Оларға үш жыл мерзім берілген.Ойын элементтері сынған жағдайда мердігерлер қайта қалпына келтіріп береді.


 Биыл Тұран ауданында ойын алаңшаларын салуға бюджеттен 870 миллион теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 28 алаңды қолданысқа беру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде оның 20-сы ел игілігіне берілді.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар