Негізгі Жаңалықтар АПТАП ЫСТЫҚПЕН КҮРЕС

АПТАП ЫСТЫҚПЕН КҮРЕС

Аптап ыстықтың әсерін азайтып, тұрғындарға қолайлы микроклимат қалыптастыру мақсатында Шымкент және Жаңашек каналдарына секундына 350–400 литр көлемінде су жіберілуде. Шымкент каналы арқылы Дулати және Қазыбек би көшелерінің басынан Шағын Самал шағынауданына дейін, сондай-ақ Абай саябағы арқылы ағын су жеткізілуде.

 Ал Жаңашек каналы арқылы қаладағы бірқатар негізгі көшеге су жіберілді. Атап айтқанда, Аймауытов, Ақпан батыр, Иляев, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы, Толстой, Тәшенов, Қазыбек би, Дулати, Шәймерденов және Желтоқсан көшелері мен Темірлан тасжолы қамтылды. Сонымен қатар БМК каналы арқылы Кәусар каналына секундына 120–150 литр көлемінде су жіберілуде. Негізгі мақсат - аптап ыстықтың әсерін азайтып, қала көшелеріндегі микроклиматты жақсарту және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар