Негізгі Жаңалықтар ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЛМЫСЫ АЗАЙДЫ

ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЛМЫСЫ АЗАЙДЫ

Түркістан облысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс 14,5 пайызға төмендеген. Жыл басынан бері жасөспірімдерге қатысты жасалған қылмыстар саны да 5,4 пайызға азайған. Бұл туралы полиция департаментінің бастығы Арыстанғани Заппаровтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте айтылды. Жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерде жүруінің алдын алу мақсатында полиция тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіп келеді.

Нәтижесінде заң талаптарын бұзған 6 683 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Аппараттық кеңесте отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы қылмыстардың алдын алу мәселесіне де ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері аталған салада адам өлтіру және адам өлтіруге оқталу фактілерінің тіркелмегені оң нәтиже ретінде атап өтілді. Жиын қорытындысы бойынша облыстың бас полицейі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық жасауға бейім тұлғаларды ерте анықтау, жанжалға бейім отбасылармен профилактикалық жұмысты күшейту, заңсыз қару айналымының жолын кесу және қоғамдық орындардағы рейдтік іс-шараларды жандандыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.


Бөлісу

Аймақтық телеарналар