Негізгі Жаңалықтар СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Спорт күніне орай Дене шынықтыру және спорт басқармасының әкімшілік қызметкерлері өзара сынға түсіп, кім мықты екенін анықтады. Дәстүрлі спартакиадаға биыл 24 команда, 200-ге жуық маман қатысты.

Спартакиада қатысушылары кіші футбол, волейбол, арқан тарту және үстел теннисінен бақ сынады. Жыл сайын өтетін доданың биылғы ерекшелігі – жарысқа кәсіби спортшылар емес, спорт саласында қызмет атқаратын әкімшілік мамандардың қатысуы.

ЕРМЕК ДАРМЕНОВ, ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Дәстүрлі түрде біз жыл сайын Спорт күнін атап өтеміз. Биылғы жарыс та өте жоғары деңгейде өтті.»

Айгүл Оразбаева үстел теннисінен қарсылас шақ келтірмей, жарыстың бас жүлдесін жеңіп алды. Сайыс барысында ол төрт қарсыласын ұтып, шеберлігін көрсетті.

 АЙГҮЛ ОРАЗБАЕВА, ЖАРЫС ЖЕҢІМПАЗЫ
«Жарыс өте тартысты өтті. Қарсыластар да мықты дайындалып келген. Жеңімпаз атану оңайға соқпады. Ұйымдастырушыларға рақмет!»

Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен медальдар табысталды. Сондай-ақ Спорт күніне орай салаға елеулі үлес қосқан мамандар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.



Бөлісу

Аймақтық телеарналар