«RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ МӘДЕНИЕТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
Елімізде партиялардың сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары шешуші кезеңге өтті. Заңнамаға сәйкес, үгіт-насихат науқаны 21 тамыз күні кешкі сағат 18:00-де ресми түрде аяқталады. Сайлау күні жақындаған сайын саяси ұйымдардың өңірлердегі кездесулері де қарқын ала түсуде.
Бұл жолы «Respublica» партиясының кандидаттары Шымкент қаласындағы Қаратау өнер орталығына арнайы барып, мекеме ұжымымен кездесті. Жиын барысында партия өкілдері сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мәдениет пен өнер саласын дамытуға қатысты жоспарларымен бөлісті. Кездесуде өнер орталығының қызметкерлері де сөз алып, саланы одан әрі қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және әлеуметтік мәселелерге қатысты ұсыныстары мен көкейкесті сұрақтарын ортаға салды. Партия өкілдері айтылған пікірлер мен ұсыныстардың ескерілетінін жеткізді.
АСҚАР МОЛДАБЕК, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ
Менің түсінігім бойынша, инфрақұрылым мәселесін қаржы болса, бір-екі жылда тез шешуге болады. Ал мәдениетіміз бен өнерімізді қайта жаңғырту үшін ондаған жыл қажет болуы мүмкін. Сондықтан ұлттық өнерге ерекше көңіл бөлуіміз керек.