Негізгі Жаңалықтар ҚХП МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚХП МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері №10 қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар маңызды мәселе талқыланды.


Кездесу барысында медицина мамандарының еңбек жағдайы кеңінен сөз болды. Партия өкілдері сапалы медициналық қызмет көрсетудің негізі – білікті маман мен қолайлы еңбек жағдайы екенін атап өтті. Осы ретте медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби еңбегін бағалау мен қолдау бағыттарының маңызына тоқталды. Кездесу кезінде емхана қызметкерлері де өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Медицина мамандары өз ұсыныстарын айтып, партия өкілдеріне сауалдарын қойды.


ЖАСҰЛАН АМАНОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ
Бүгін осы емханаға келіп, қызметкерлермен кездестік.Олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.Біз үгіт-насихат жұмысын жүргіздік.Алдағы уақытта партияның қандай іс атқаратынын айттық.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар