ҮЙ ЖАНУАРЫН ҚАРАУСЫЗ ТАСТАУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Енді үй жануарын көшеге тастап кетуге болмайды. Елімізде жануарларды ұстау мен серуендетудің үлгілік ережелеріне өзгерістер енгізілді.
Жаңа талапқа сәйкес, үй жануарын бұдан әрі асырауға мүмкіндігі жоқ иесі оны қараусыз қалдырмай, жауапкершілігі бар басқа адамға немесе арнайы баспанаға тапсыруы тиіс. Ал жануар уақытша ұстау пунктіне орналастырылған жағдайда, оның күтіміне жұмсалатын шығынды бұрынғы иесі өтейді. Яғни үй жануары жаңа иесін тапқанша жануардың өміріне жауапты болады. Жаңа талап 24 тамыздан бастап күшіне енеді.