Негізгі Жаңалықтар ҚҰРЫЛТАЙҒА КАНДИДАТТАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚҰРЫЛТАЙҒА КАНДИДАТТАР ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Құрылтай депутаттығына кандидаттар жастармен белсенді кездесулер өткізіп, жас буынның сайлаудағы рөлі мен жаңа мүмкіндіктерін талқылап жүр.


 «Respublica» партиясының өкілдері Жастар ресурстық орталығында жергілікті жастармен арнайы кездесу өткізді. Жиында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, жастардың ұсыныс-тілектерін тыңдады. Жалпы, Парламенттің өткен үш жарым жылдық жұмысында «Respublica» партиясынан сайланған депутаттар үш жүзге жуық түзету ұсынған. Оның отызға жуығы заң деңгейінде бекітілді. Әсіресе ұлт денсаулығын қорғау бағытында маңызды қадамдар жасалып, вейптерді қолдануға толық тыйым салынды. Бүгінде партия өкілдері жасөспірімдерді зиянды әдеттерден қорғау бағытында белсенді жұмыс жүргізіп келеді. Өз кезегінде жастар да ашық диалогта белсенділік танытты. Олар жұмыспен қамту, білім беру және әлеуметтік қолдау бағыттары бойынша өздерін толғандырған өзекті мәселелер мен бастамаларын ортаға салды.


 АСҚАР МОЛДАБЕК, «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ
 «Respublica» партиясы жастар үшін ең көп нақты іс атқарған партия деп айта аламыз. Өйткені жастардың лудоманияға тәуелді болмауы және оның жарнамасына қарсы күрес жүргізген партия – осы «Respublica». Одан кейін есірткіге тәуелділік, вейп мәселесі де бар. Жалпы, жастар мен студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, оқу орындарындағы жағдайды жақсарту мәселелерінің барлығын осы партия көтеріп, белгілі бір дәрежеде нәтижеге жетті. Бүгін жастарымызды ұмытпайық деп Жастар ресурстық орталығына келіп отырмыз».


Бөлісу

Аймақтық телеарналар