Негізгі Жаңалықтар «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

«БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСТІ

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Шымкент қаласындағы «Тұлпар автобөлшектер» базарының қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу ашық диалог форматында өтті. Орталық қызметкерлері партия өкілдеріне алдағы сайлауға қатысты тілектерін білдірді.

Жиында «Байтақ» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Айдос Ордабеков саяси ұйымның сайлауалды платформасының негізгі бағыттарын таныстырды. Онда қатаң экологиялық стандарттарды енгізуге, «жасыл» экономика кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсетуге және халық денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. Негізінен миллион тұрғыны бар қаладағы автотұрақ мәселесі, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу барысында Айдос Ордабеков өзінің сайлауалды тұғырнамасының негізгі тармақтарын ұсынып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

АЙДОС ОРДАБЕКОВ, «BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Байтақ партиясының бағыттары бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Халықтың ортасында жүрміз. Депутат деген – мандат емес, ол халықпен бірлесе жұмыс істеуі керек. Халықтың үнін біз жоғарыға жеткізуіміз керек. Сол мақсатта біз «Байтақ» партиясының бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз.

Бөлісу

Аймақтық телеарналар