Негізгі Жаңалықтар 30 ЖЫЛДАН БЕРІ ҮЗІЛМЕГЕН СПОРТТЫҚ ТУРНИР

30 ЖЫЛДАН БЕРІ ҮЗІЛМЕГЕН СПОРТТЫҚ ТУРНИР

30 жылдан бері үзілмеген дәстүрлі дода! Түлкібас ауданында белгілі спортшы Орынбек Айтбаевты еске алуға арналған облыстық турнир өтті. Жарысқа қатысушылар футбол, волейбол және шахматтан өзара мықтыны анықтады. Байрақты бәсеке биыл отызыншы рет ұйымдастырылып отыр.


Түлкібас ауданының Майтөбе ауылында спортшы Орынбек Айтбаевты еске алуға арналған облыстық турнир өтті. Ашылу рәсіміне аудан әкімі Асқар Естібаев қатысып, жарыстың шымылдығын түрді. Байрақты бәсекеде спортшылар футбол, волейбол және шахматтан сынға түсті.


 ҒАНИ ҚҰРМАНБАЙ, ТҮЛКІБАС АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Айтбаевтар әулетіне осы турнирді өткізіп келе жатқанына рақмет айтамыз. Біздің ауданда көптеген осындай отбасылар бар. Жыл сайын осындай турнирлер өткізеді. Мемлекетімізде спорт саласына үлкен көңіл бөлініп отыр. Біздің спортшыларымыздан, біздің ауданнан да болашақта чемпиондар шығады деген үміттеміз.


 Биыл облыстық додаға 100-ден астам спортшы қатысты. Ауданның төрт аймағында іріктеу ойындары өткізіліп, үздік атанған командалар мен спортшылар жартылай финалға жолдама алды. Сайыстың мақсаты – Орынбек Айтбаевтың есімін ұлықтау және жастарды бұқаралық спортқа баулу.


ҚАЙТАР АЙТБАЙ, ОРЫНБЕК АЙТБАЕВТЫҢ ІНІСІ
Екі апта бойы іріктеу жұмыстары өтті. Жартылай финалға шыққан командалар оннан асып отыр. Екі алаңға бөлініп ойнап жатыр. Күн ыстық болғандықтан, екіге бөлдік. Стадион өте сәйкес. Спортқа аудан әкімшілігі өте көңіл бөліп отыр. Оған жұртшылық өте риза.

 Орынбек Айтбаев атындағы облыстық дәстүрлі турнир биыл 30-рет өтіп отыр. Спорттық дода Шерхан Мұртаза атындағы қайырымдылық қорының мұрындық болуымен және демеуші азаматтардың қолдауымен ұйымдастырылды. Жарыс барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, спорт сүйер қауымға ерекше тартысты сәттер сыйлады.




Бөлісу

Аймақтық телеарналар