«АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫ ӨНДІРІС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабының өкілдері Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Югпалиметалл» кәсіпорнының ұжымымен кездесті. Кездесу барысында пластиктен су және газ құбырларын шығаратын зауыттың жұмыс барысымен танысып, өнім өндіру процесін бақылады.
Кәсіпорын қызметкерлеріне «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, үгіт-насихат материалдары таратылды. Іс-шара барысында «Ақ жол» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Құрылтай депутаттығына үміткер Мұхтар Шимиров сөз сөйлеп, партияның негізгі бағыттары мен кәсіпкерлікті қолдауға қатысты ұсыныстарына тоқталды. Кездесу соңында кәсіпорын ұжымы өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.
МҰХТАР ШИМИРОВ, «АҚ ЖОЛ» ҚДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
«Бүгін пластикалық құбыр өндіретін кәсіпорын жұмысшыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырдық. Оларды қолдауға бағытталған бағдарламалар жайында ақпарат бердік.»