«BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Baytaq» жасылдар партиясының өкілдері Шымкент қаласындағы медициналық қалдықтарды залалсыздандыратын «ЭкоЛайф-Астана» ЖШС ұжымымен кездесті. Жүздесу ашық диалог форматында өтті. Кәсіпорын өкілдері жұмыс барысына тоқталып, партия өкілдеріне алдағы сайлауға қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізді.
Жиында «Baytaq» жасылдар партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Алтай Ордабеков саяси ұйымның сайлауалды платформасының негізгі бағыттарын таныстырды. Онда қатаң экологиялық стандарттарды енгізуге, «жасыл» экономика кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау көрсетуге және халық денсаулығын қорғауға ерекше назар аударылғанын атап өтті. Медициналық және өндірістік қалдықтарды залалсыздандыратын кәсіпорын еңбеккерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Олар қауіпті және медициналық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, экологиялық сектор кәсіпорындарына мемлекеттік қолдау шаралары мен жеңілдіктер енгізу, бейінді мамандардың әлеуметтік қорғалуы және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
АЛТАЙ ОРДАБЕКОВ, «BAYTAQ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Залалсыздандыру кәсіпорны – бізбен жұмыс істейтін нағыз кәсіпорын. Барлық ойымыз бір арнада тоғысып жатыр. Олар да мұны түсінеді. Заң талаптарын күшейту керек. Кейбір заңнамаларға сараптама жасап, қажет болған жағдайда өзгерістер мен толықтырулар енгізу керек.