Негізгі Жаңалықтар «АҚ ЖОЛ» ЭНЕРГЕТИКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«АҚ ЖОЛ» ЭНЕРГЕТИКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

«Ақ жол» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Партия өкілдері «3-Энергоорталық» АҚ ұжымымен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.


Энергетика - ел экономикасының тұрақты дамуына тікелей әсер ететін стратегиялық салалардың бірі. Кездесуде осы бағыттағы өзекті мәселелер мен саладағы реформалар сөз болды. Партия өкілдері кәсіпорын қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, көтерілген мәселелерді жоғары деңгейде қарастыруға ниетті екенін жеткізді. Ашық пікір алмасу барысында еңбек ұжымының көкейдегі сауалдарына да назар аударылды. Қызметкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, нақты ұсыныстарын білдірді.


БАҚДӘУЛЕТ МӘЛІМОВ, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Энергетика саласында жүргізілуі тиіс реформалар мен осы бағыттағы өзекті мәселелерді жұмысшылардың өзінен естідік. Көтерілген мәселелерді болашақта жоғары деңгейде көтеруге ниеттіміз. «Ақ жол» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жалғастырады

Бөлісу