Негізгі Жаңалықтар СТУДЕНТТЕР ДРОН ҚҰРАСТЫРЫП ЖҮР

СТУДЕНТТЕР ДРОН ҚҰРАСТЫРЫП ЖҮР

Шымкенттік студенттер жасанды интеллект технологиясы арқылы түрлі құрылғы құрастырумен айналысып жүр. Ж.Тәшенев университетінің білім алушылары әлемдік тәжірибеде қолданылатын әдіс-тәсілдерді меңгеріп, тың идеяларын жүзеге асырып келеді.Бұл бастамаларды қолдап, студенттердің талап қанатын қатайтқан білім ошағында жаңа технология арқылы жасалған жобалардың


Мұхамеджан Кеңесбек – Ж.Тәшенев университетінде білім алады.Жасанды интеллект саласына ерекше қызығатын студент қолы қалт ете қалса, түрлі жоба құрастырумен айналысады.Жас өнертапқыш ойлап тапқан бұл манипулятор құрылғысы арнайы басқару блогына жүйеленген.Телефондағы түймені басса болды, өзіне жүктелген затты іліп алып, керекті орынға қояды.Тапсырманы мүлтіксіз орындайтын құрылғы қазір құрылыс саласында да қолданылады. Мұхамеджан бүгінде білгенімен бөлісіп, оқушыларды да жаңа технологияға баулып жүр.


МҰХАМЕДЖАН КЕҢЕСБЕК, ЖОБА АВТОРЫ
Біз өзіміздің мобильді қосымшамызды жасадық.Бұл жерде манипуляторды программалауды балалар үйрене алады.Мәселен, бұл тек блог арқылы программа жасайды.Мәселен, мына батырманы бассақ, осылай қимылдап әр түрлі тапсырманы орындайды.Қазірше бұл осындай кішігірім құрылғы.Оқушылар жоғары оқу орнына түскеннен кейін үлкен манипуляторды қолдана алады.Мәселен, қазір Қытайда осындай құрылғылар көлік құрастырып жатыр.Ол жерге де мықты мамандар керек.Сол себепті оқушылар мұны мектеп қабырғасынан бастап үйрене алады.


Бұл оқу орнынан түлеп ұшқан Дінмұхамедтің де жетістігі талайдың таңдайын қақтырады.Өнертапқыш тауарды ауа-райының аптабы мен аязына қарамай жеткізетін құрылғы ойлап тапқан.Жобаның артықшылығы көп. Бастысы, тапсырыс беруші жеткізу қызметі үшін артық қаржы жұмсамайды.


ДІНМҰХАМЕД ТӨРЕБЕК, ЖОБА АВТОРЫ
Қазір Қытайдан қандай да бір тауарға тапсырыс берілсе, ол теміржол арқылы келеді.Ал біздің бұл өнім тасымал құнын арзандатуға көмектеседі..Яғни бұл құрылғы тоқтаусыз түрде өте ауыр салмақтағы заттарды өзі таситын болады.Сонда Қытайдан келетін заттар да уақытынан тез келетін болады.


Білім ордада арнайы жабдықталған айти зертхана орналасқан.Мұнда студенттер тың бастамаларын жүзеге асыра алады.Бір емес, бірнеше жобаны қатар алып жүрген Дінмұхамед әскери салаға арналған барлау құрылғысын да ойлап тауыпты.


ДІНМҰХАМЕД ТӨРЕБЕК, ЖОБА АВТОРЫ
 Бұл толықтай барлауға арналған құрал.Максималды жылдамдығы 250 км сағатына.Ұшу қашықтығы 1 км.Бұл аспанда 4-5 сағат көлемінде ұшып жүре алады.Бұның көлемі кішкентай болғандықтан, радарға түскенде де қатты байқалмайды. Бірақ, ішінде камерасы бар. Көлемі кішкентай болғандықтан, барлаушылар мұны кішкентай құс ретінде көреді.


Жас өнертапқыштардың  ғылыми табысы мұнымен шектелмейді.Қазір олар зерттеу жүргізіп, өзге де салаға керекті құрылғыларды жасаумен айналысып жүр.

Бөлісу