Негізгі Жаңалықтар ҚХП МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

ҚХП МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫМЕН ПІКІР АЛМАСТЫ

Бүгін Қазақстан Халық партиясының өкілдері №3 қалалық емхананың ұжымымен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, денсаулық сақтау саласындағы бірқатар маңызды мәселе талқыланды.


 Кездесу барысында медицина мамандарының еңбек жағдайы, саладағы кадр мәселесі кеңінен сөз болды. Партия өкілдері сапалы медициналық қызмет көрсетудің негізі – білікті маман мен қолайлы еңбек жағдайы екенін атап өтті. Осы ретте медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, кәсіби еңбегін бағалау мен мамандарды қолдау бағыттарының маңызына тоқталды. Кездесу кезінде емхана қызметкерлері де өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Медицина мамандары өз ұсыныстарын айтып, партия өкілдеріне сауалдарын қойды.


БАЙМЫРЗА УМАРОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
 Біздің негізгі ұстаным – әлеуметтік саланы көтеру.Осы денсаулық сақтау жүйесіндегі жұмыстарды жолға қою.Пациенттік кабинеттерді жасау.Ол дегеніміз-жеке адамның бұрынғы деректері, қазіргі осы дәрігерлердің қойып жатқан деректерін ем алушылар алдын-ала  көріп отырады.

Бөлісу