ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСІМ АРТТЫ
Қазақстан экономикасы жыл басынан бері 4,1 пайызға өсті.Экономикалық өсімнің негізгі бөлігі шикізаттық емес секторлардың есебінен қамтамасыз етіліп отыр.
Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және сауда, сондай-ақ ауыл шаруашылығында өндіріс көлемі айтарлықтай артқан. Қазір жаңа өндіріс бағыттары дамып, шикізаттық емес салалардың экономикадағы үлесі артып келеді. Соның нәтижесінде мұнайға тәуелділік те біртіндеп төмендеп жатыр.Мәселен, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша экономикадағы мұнайдың үлесі 7,8 пайызға азайған.Яғни, елде өндіріс пен қызмет көрсету салаларының рөлі артып келеді.