ТРИАТЛОННАН АЗИЯ КУБОГІ АЯҚТАЛДЫ
Түркістанда триатлоннан Азия кубогі өз мәресіне жетті. Олимпиадалық стандарттағы ескек есу каналында өткен халықаралық додаға 20 елден 300-ге жуық кәсіби спортшы қатысты. Екі күн бойы спортшылар жүзу, веложарыс және жүгіруден сынға түсті.
Байрақты бәсекеде спортшылар «Элит» және 19 жасқа дейінгі санаттар бойынша бақ сынады. Қатысушылар әр кезеңде жылдамдық пен төзімділікті қатар көрсетіп, жоғары нәтиже үшін таласты. Жарыс қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, үздіктерге арнайы медальдар мен гүл шоқтары табысталды.