Негізгі Жаңалықтар ЖСДП БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ ҰСЫНДЫ

ЖСДП БІЛІМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫ ҰСЫНДЫ

Әлем цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басқанда, жайбарақат отыруға болмайды. Жаңа жаһандық қатерлер Қазақстанның зияткерлік және білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілігі мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Осындай жағдайда мемлекет тарапынан тегін, жоғары сапалы әрі заманауи білім берудің тұтас жүйесін қалыптастырып, оның еліміздің барлық өңірінде тең қолжетімді болуын қамтамасыз ету маңызды. ЖСДП өкілдері сайлауалды бағдарламасын білім саласының қызметкерлеріне таныстырды.

Бағдарламада ұстаздардың еңбекақысын бірнеше есе арттыру, олардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейту және ауылдық жерлердегі педагогтерге берілетін үстемақыларды көбейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еліміздің әр өңіріндегі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды нақты талдау негізінде дамыту ұсынылды. Бұдан бөлек, тәуелсіз сараптамасы бар гранттық жүйені енгізу, ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен пәнаралық жобаларды қолдау арқылы ғылымды қаржыландырудың заманауи тетіктерін дамыту қажеттігі атап өтілді.

ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
ЖСДП Шымкент қалалық филиалы атынан колледжге келіп, өзіміздің сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықпен кездестік. Азаматтардың сұрақтарын тыңдап, оларға жауап бердік.


Бөлісу