Негізгі Жаңалықтар ҚАЛА ӘКІМІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған 150 орындық оңалту орталығының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, нысанды пайдалануға беру желтоқсан айына жоспарланған. Орталық іске қосылғаннан кейін тұрғындардың кешенді оңалту қызметтеріне қолжетімділігі артады. Құрылыс басқармасына жұмыстың сапалы орындалуын және белгіленген мерзімдердің сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды.


Әрі қарай Әл-Фараби ауданындағы Қазыбек би, Асанов, Тәжібаев, Шолохов, Уәлиханов, Мәметов, Ұлықбек және Циолковский көшелеріндегі кәріз желілерін тарту жобасының іске асырылу барысын тексерді. Бұл мәселе тұрғындармен өткен көшпелі кездесу барысында бірнеше рет көтерілген еді. Жоба аясында 466 тұрғын үйді кәріз жүйесіне қосу көзделген. Бұл үйлерде шамамен 2,3 мың адам тұрады. Бұдан бөлек, Тұран ауданындағы Қазыбек би, Лихачев, Байзақұлы, Жандосов, Верещагин, Шолохов және Уәлиханов көшелеріндегі кәріз желілерін тарту жұмыстарын тексерді. Нәтижесінде 395 тұрғын үй орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылады. Бұл шешім де тұрғындардың өтініш-тілектері ескеріле отырып қабылданды. Энергетика және инфрақұрылымдық даму басқармасына барлық жұмысты бекітілген кестеге сәйкес аяқтау үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


Бөлісу