Негізгі Жаңалықтар «TERRA FASHION»:ОТАНДЫҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ

«TERRA FASHION»:ОТАНДЫҚ ДИЗАЙНЕРЛЕРДІҢ СӘН КӨРСЕТІЛІМІ

Шымкенттің сән әлемі жаңа деңгейге көтерілді. Шаһарда отандық сән индустриясын жаңғыртуды көздейтін «Terra Fashion» атты ауқымды сән көрсетілімі өтті. Мұнда ұлттық нақыш пен заманауи стильді шебер ұштастырған дизайнерлер өз өнімін ұсынып, этно-модерн бағытындағы киім үлгілерін көрсетті.


Подиум төрінде отандық шеберлердің авторлық коллекциялары таныстырылды. Жергілікті дизайнерлер ұлттық ою-өрнекті заманауи сән трендтерімен шебер ұштастырған. Әсіресе, дәстүрлі қолөнер элементтерін жаңаша сипатта тірілткен коллекциялар жиналған сән сүйер қауым мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды.


 НҰРЖАНАТ ДОСАЕВА, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Бізде бүгінгі іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен болып жатыр. Мұндай жобалар әлем елдерінде жиі өтеді.Бірақ, біз осындай жоба арқылы үлкен алаңға шықтық. Біздің мақсат – Шымкентте жасалған дүниені жаңа деңгейге көтеріп, көпшілікке таныстыру.

Бөлісу