Негізгі Жаңалықтар СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

СПОРТ ОРТАЛЫҒЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

Сауран ауданындағы Шорнақ ауылында жаңа спорт кешені ел игілігіне берілді. Енді ауыл жастары заманауи спорт залдарында жаттығып, кәсіби деңгейде шыңдала алады.


Жаңа нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі қатысып, тұрғындарды құттықтады. Оның айтуынша, соңғы екі жылда өңірде 28 спорт кешені ашылса, биыл тағы 9 нысан пайдалануға беріледі. Құны 1 миллиард 733 миллион теңгеден асатын спорт кешені бір гектар аумақта орналасқан. Мұнда баскетбол, бокс, күрес және тренажер залдары бар. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған мекемеде 40 жаңа жұмыс орны ашылмақ.Облыс әкімі жаңа нысанды аралап, материалдық-техникалық мүмкіндіктерімен танысып, ауыл жастарымен кездесті.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
 Спорт – жай ғана дене шынықтыру емес, ол – ұлттың саулығы, жастардың темірдей тәртібі және елдің болашағы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығына салынған инвестиция екенін үнемі айтып келеді. Президент тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беріліп, соңғы екі жылда 28 спорт кешені пайдалануға берілді.

Бөлісу