Негізгі Жаңалықтар КЕНТАУДА ШЫҒАРЫЛҒАН ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

КЕНТАУДА ШЫҒАРЫЛҒАН ГАЗ ҚАЗАНДЫҚТАРЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНЕ ЭКСПОРТТАЛАДЫ

Кентау қаласында шығарылатын газ қазандықтары шетелге экспаортталып жатыр.  Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жұмыс сапарымен Кентау қаласына барып, «Тұран» арнайы экономикалық аймағында орналасқан газ қазандықтарын өндіретін «TURAN SHENHUA» серіктестігінің жұмысымен танысты.


Зауытта жылына 30 мың дана газ қазандығы өндіріледі. Жобаның жалпы құны – 2,4 млрд теңге. Кәсіпорында 40 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Қызметкерлердің орташа жалақысы 250–300 мың теңгені құрайды. Сонымен қатар өндірілген өнімдер Орта Азия елдеріне экспортталады. Аралау барысында облыс басшысы зауыттың жұмыс барысымен танысып, өңір экономикасын әрі қарай дамыту, инвестиция тарту, экспорт көлемін ұлғайту мәселесіне баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Бөлісу