Негізгі Жаңалықтар ЖСДП ӨКІЛДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

ЖСДП ӨКІЛДЕРІ МҰҒАЛІМДЕРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Әлемнің цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам басуы, жаңа жаһандық қатерлер Қазақстанның зияткерлік және білім беру саласындағы бәсекеге қабілеттілігі мәселесін күн тәртібіне қояды. Осындай жағдайда мемлекеттік тегін, жоғары сапалы, қазіргі заманғы білім берудің тұтас жүйесін қалыптастыру және оның еліміздің барлық өңірінде тең қолжетімді болуын қамтамасыз ету өте маңызды. ЖСДП өкілдері қаладағы Педогогикалық колледж ұжымымен кездесті.

 Ұстаздарға өздерінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын бірнеше есе арттыру, олардың әлеуметтік кепілдіктерін күшейту және ауылдық жерлердегі педагогтерге берілетін үстемақыларды көбейту қажеттігін атап өтті.  Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі еліміздің әрбір өңірінде қандай мамандарға сұраныс бар екендігін нақты талдау негізінде дамытылуы тиіс екендігін атап өтті.  Тәуелсіз сараптамасы бар гранттық жүйені, ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу бағдарламаларын және пәнаралық жобаларды қолдауды қоса алғанда, ғылымды қаржыландырудың қазіргі заманғы тетіктерін дамыту қажетттігін атады.


 ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ
Қазақстанда білім беру жүйесін заман талабына бейімдеп барлық азаматтарға білім беруді қамтамасыз етушге міндетті. Сондықтан партиямыз мемлекеттік тегін әрі сапалы білім жүйесін нығайтуды басты басымдықтардың бірі ретінде қарастырады.

Бөлісу