Негізгі Жаңалықтар МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

МАЛ БОРДАҚЫЛАУ КЕШЕНІ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Елімізде баламасы жоқ ірі мал бордақылау кешені Түркістан облысында бой көтеріп жатыр. Сауран ауданында салынып жатқан ауқымды жоба өңірдің агроөнеркәсіп саласын дамытады.


40 гектар аумақты алып жатқан кешеннің құны – 1 миллиард 300 миллион теңге. Мұнда бір мезетте 5 мың бас ірі қара мал бордақыланып, тәулігіне 120 бас мал союға мүмкіндік туады. Жоба аясында малшыларға арналған тұрғын үйлер, әкімшілік-іскерлік орталық пен өзге де инфрақұрылым нысандары салынады. Кешенде мал бордақылау алаңдары бір жерге шоғырланған. Ал жоба «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы қаржыландырылады. Мекемеге барған облыс әкімі құрылыс барысымен танысып, шаруалардың ұсыныс-пікірін тыңдады.


НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Біз қазір мал сатып алуға несие беру бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз.Бұл солтүстік өңірлерге бейімделген.Мәселе залогта.Егер залогың бәрі дұрыс болатын болса, біз қазір ұсыныс беріп жатырмыз өзгертуге.Яғни бордақылауға арнайы бағдарлама жасаңыздар деп ұсыныс бердік.

Бөлісу