Негізгі Жаңалықтар ИЗМИР МЭРІ – ШЫМКЕНТТЕ

ИЗМИР МЭРІ – ШЫМКЕНТТЕ

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Түркияның Измир қаласының мэрі Джемиль Тугаймен кездесті. Кездесуде 2004 жылдан бері ынтымақтастық орнатып келе жатқан Шымкент пен Измир арасындағы өзара байланысты одан әрі дамыту перспективалары талқыланды.


Қалада бүгінде түрік капиталының қатысуымен бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар Түркия Республикасының Құрметті консулдығы жұмыс істейді. Екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға үлес қосып келе жатқан қоғамдық бірлестік те қызмет атқаруда. Келіссөз барысында мәдениет, туризм, білім, ғылым және қалалық басқару салаларындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыру, сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты, өнеркәсіптік кооперацияны, логистика мен цифрлық шешімдерді дамыту мәселелеріне мән берілді.


Бөлісу