Негізгі Жаңалықтар ҚХП ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

ҚХП ҮГІТ-НАСИХАТ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Бүгін Қазақстан Халық Партиясының өкілдері құрылыс компаниясының қызметкерлерімен кездесті. Жиында  партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, негізгі басымдықтары талқыланды.


Кездесу ашық диалог форматында өтті. Партия өкілдері еңбек адамын қолдау, әлеуметтік мәселелерді шешу мен құрылыс саласын дамыту бағытындағы бастамаларға тоқталды. Қызметкерлер өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Жиын барысында қатысушылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бастамаларды да талқылап, партия бағдарламасында көзделген бағыттар жайлы ой бөлісті.


БАЙМЫРЗА УМАРОВ, ҚХП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін Қазақстан Халық партиясы құрылыс компаниясына келіп, өз бағдарламамызды таныстырдық. Бұл жерде құрылысшылардың қауіпсіздігі, жалақысы туралы талқыладық. Қазақстан Халық партиясының бағдарламасы 19 бағыттан тұрады. Бұл бағыттың бәрі экономиканың дамуына ықпал етеді.

Бөлісу