Негізгі Жаңалықтар «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

«БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Құрылтай сайлауы жақындаған сайын партиялардың үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр. «Байтақ» жасылдар партиясынан депутаттық мандатқа үміттілер «Астана» шағынауданының тұрғындарымен кездесті.

Эколог Назген Махамбетова жиналғандарға партияның бағдарламасын таныстырып, оның маңызына тоқталды. Кездесуде тұрғындар ашық пікір алмасып, толғандырған сұрақтарын қойды. Сондай-ақ, халық экология мәселесіне бей-жай қарамайтындарын жеткізді. Кандидаттың айтуынша, «Байтақ» жасылдар партиясының тұғырнамасын түсіндіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Бір ай ішінде тұрғындардың қатысуымен 40-қа жуық іс-шара жоспарланған. Айта кетейік, «Байтақ» жасылдар партиясы Құрылтай депутаттығына 47 кандидат ұсынған. Оның үшеуі Шымкент қаласынан.


НАЗГЕН МАХАМБЕТОВА, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНАН ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
«Байтақ» партиясының негізгі басымдықтары ол қоршаған ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік, қалдықтарды басқару, таза ауа және таза ауыз суға мәселелері көтеріледі. Бұл бағыттар жасылдар партиясы тек сайлау кезінде емес, партия құрылғаннан бастап көтеріп, үлкен экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жатыр.

Бөлісу