«АҚ ЖОЛДЫҚТАР» КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Тұлпар» автобөлшектер сауда орталығына барып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Кәсіпкерлердің құқығын қорғауды мақсат еткен партия өкілдері бизнес қауымдастығымен пікір алмасып, өзекті мәселелерді талқылады.
Партия өкілдері сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, ұсыныс-пікірлерді тыңдады. Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту жолдары жөнінде ой бөлісті. Іс-шараға «Ақ жол» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидат Бақдәулет Мәлімов арнайы қатысып, алдағы жоспарларымен бөлісті. Оның айтуынша, құрылтайдағы басты мақсаты – Алаш идеясын ұлықтап, халықтың үнін жеткізу. Сондай-ақ шағын және орта бизнестің мүддесін қорғап, экономикалық өсімге үлес қосу.