Негізгі Жаңалықтар ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

ТАҒЫ 40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Тұрғын үй кезегінде тұрған 40 отбасы көптен күткен баспанасының кілтін қолына алды. Пәтерлер жалға берілетін тұрғын үй бағдарламалары аясында табысталды. Қайтар айынан бастап 2 900-ге жуық шымкенттік баспана алса, жыл соңына дейін тағы 4 мыңнан астам азамат үйлі болмақ.  

Үш баланың анасы Сәуле Райымқұлова екі бөлмелі пәтердің иесі атанды. Оның сөзінше, үй кезегін 12 жылдан астам уақыт күткен. Пәтерді жалғызбасты ана санаты бойынша алып отыр.

СӘУЛЕ РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Бірінші Аллаға шүкір, қуаныштымын. Міне бүгін үйдің кілтін алып отырмыз.Қиналдық, бәріне көндік, шыдадық енді шүкір алдық нәтижесінде, жеттік.

 Жаңа пәтерлердің кілтін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков салтанатты түрде табыстады. Баспаналар сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы бойынша, Бозарық шағынауданынан берілді.  

 КӨПЖАН ТӨЛЕБАЕВ,  ҚАЛАЛЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ
Кезекті 40 отбасыға пәтер кілті табысталды. Олар тұрғын үй кезегіне тұрған жалдамалы пәтер кілтін алуда. Олардың қатарында 1 және 2-топ мүгедектігі бар азаматтар, мүгедек бала асыраушылар, көпбалалы отбасылар, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілгендерге, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, толық емес отбасылар осы азаматтар пәтер кілттерін алуда.

Қалалық тұрғын үй басқармасының мәліметінше, жыл соңына дейін тұрғын үй кезегінде тұрған 7 мыңнан астам азаматты баспанамен қамту жоспарлаған. Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша баспана кезегінде 96 мыңнан астам азамат бар.



Бөлісу