Негізгі Жаңалықтар ИНВЕСТИЦИЯ ҚАРҚЫНЫ

ИНВЕСТИЦИЯ ҚАРҚЫНЫ

Түркістан облысында іске асырылуы жоспарланған 67 инвестициялық жобаның өзектілігі қайта қаралып, жан-жақты талдау жүргізілді. Нәтижесінде іске асырылу тәуекелі бар 10 жоба анықталды. Олардың орнына 13 жаңа инвестициялық жоба енгізіліп, жоспар қайта пысықталды.

Осы жұмыстардың нәтижесінде жыл соңына дейін жалпы құны 793,9 млрд теңгені құрайтын 70 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл жобалар аясында 5 190 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат отырысында айтылды. Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек инвестициялық жобалардың іске асырылу барысы туралы баяндады. Қазіргі таңда өңірде жалпы құны 33,4 млрд теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске қосылды. Нәтижесінде 500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

КОММ: ҚАНАТ ҚАЙЫПБЕК, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Бүгінгі таңда 109 жоба іске қосылды. Жалпы құны 159 млрд теңге. Сауран ауданында 26 жоба, Түлкібас ауданында 4 өндірістік парк…

Бөлісу