«ӘДІЛЕТ» 160 ІС-ШАРА ӨТКІЗДІ
«Әділет» партиясының Шымкент қалалық сайлауалды штабы үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып келеді. Бүгін штаб өкілдері азаматтық қоғам белсенділері мен үкіметтік емес ұйымдардың басшыларымен кездесті. Жиында партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.
ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, өздерінің мақсат-міндеттерін таныстырды. Олар он күн бойы түрлі ұйымдар мен мекемелерді аралап, әр сала өкілдерімен кездесіп келеді. Басқосуда партия көтеретін негізгі мәселелер мен басым бағыттар таныстырылды. Бағдарламаға сәйкес, 1 миллион жұмыс орнын ашу, халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 77 жасқа жеткізу, ауыл тұрғындарының табысын арттыру және елдің экономикалық қауіпсіздігін күшейту көзделген. Сонымен қатар, 5 миллион қазақстандықты жасанды интеллектпен жұмыс істеуге үйрету жоспарланып отыр. Кездесуде партияның осы және өзге де бастамалары таныстырылды.
ЕРБОЛ БАЙҚОНЫСОВ, «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
– «Он күн ішінде 160 іс-шара өткізіп, 85 мың сайлаушыны қамтыдық.»