Негізгі Жаңалықтар RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

RESPUBLICA ПАРТИЯСЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАЙДЫ

Respublica партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Шымкентте үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті. Партия өкілдері қаладағы ірі кәсіпорындар мен зауыт-фабрикаларды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде. Сондай-ақ адам көп шоғырланатын ойын-сауық және сауда орталықтарында тұрғындарға сайлауалды бағдарламаларын таныстыруда.


Бұл жолы партия мүшелері «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығына барды. Олар сауда үйінің сатушылары мен келушілеріне сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын таратты. Партия кәсіпкерлікті қолдау, салық жүктемесін азайту және шағын және орта бизнеске кедергі келтіретін бюрократиялық тосқауылдарды жою мәселелеріне басымдық беретінін жеткізді. Сондай-ақ бизнес өкілдері мен еңбек адамдары үшін қолайлы жағдай қалыптастыруды мақсат ететіндерін айтты. «Respublica» партиясының сайлауалды бағдарламасы қауіпсіздік, тиімділік, әл-ауқат және жауапкершілік қағидаттарына негізделген.


НЮЛИФАР САЙДУЛЛАЕВА, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Respublica партиясы үгіт-насихат жұмыстарын белсенді жүргізіп жатыр. Шымкентте кәсіпорындар мен зауыт-фабрикалар көп. Сол жерлерге барып, еңбек ұжымдарымен кездесіп, сайлауалды бағдарламамызды таныстырып жүрміз. Бүгін «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығына келіп, мұндағы сатушылар мен келушілерге партиямыздың бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, үнпарақшалар тараттық.


Бөлісу