Түркістан облысының Шардара қаласындағы 31 мыңнан астам халық сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Бұған дейін тұрғындар жылдар бойы тіршілік нәрін Шардара су қоймасынана алып келген болатын. «Тама-Тастанбек» жер асты су көзі Шардара қаласымен қатар 18 елдімекенді ауызсумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Жобаға 21 млрд теңге қаржы жұмсалған. Су құбырының ашылу салтанатына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев арнайы қатысып, шағалалы өңір тұрғындарын тарихи сәтпен құттықтады.
«Тама-Тастанбек» жерасты артизан құдығына 14 ұңғыма қазылған. Торапқа дейін 40 шақырымдық су магистралы тартылған. Су торабына сағатына 24 мың текше метр су жиналады. Шардара қаласының тұтыну көрсеткіші 12 мың текше метрді құрайды. Жалпы су қоры 50 мыңнан астам ауыл халқын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге жетеді.
ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жоба Үкіметтің қолдауымен 2 жыл ішінде іске асырылды. Бюджеттен барлығы 21 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 31 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсуға қол жеткізетін болады. Бұл халықтың тұрмысын жақсартып, өңірдің дамуын оң әсерін тигізеді.»
Шардара халқы 1983 жылдан бері ауыз суды ашық аспан астындағы су айдынынан алып келді. Алайда су қоймасы бұл мәселені толық шеше алмады. Ал былтырғы қуаңшылық жағдайды тіпті қиындатып жіберді. Үкіметтің тікелей қолдауымен жүзеге асқан жоба аясындағы жаңадан қазылған «Тама-Тастанбек» құдық суының құрамы санитариялық талаптарға толық сәйкес келеді,-дейді мамандар.
СВЕТЛАНА АДЕНОВА, ҰЛТТЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫ ШАРДАРА АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БАСШЫСЫ
«Тама-Тастанбектің» суы 1/8 болды. Мысалы он есе төмен түсіп, сапасы жақсы болды. Сульфаттар, хлоридтер де барлығы төмен түсіп, біздің талапқа сай қазіргі элеметтер. Біздің Шардара ауданына жақсы су келгеніне қуанып жатырмыз.»
Шардара қаласында 5 мыңнан астам абонент бар. Төрт бірдей су жинау резервуарлары мен құбыр жүйелері қайта жаңғыртудан өтіп жатыр. Қалаға таза су кезең-кезеңімен берілетін болады. Көп жылдан бері кермек судың дәмін татып келген тұрғындар таза ауызсуға қол жеткізгендеріне ризашылығын білдірді.
СЛАМБЕК МЕРГЕНБАЕВ, ШАРДАРА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біз теңіздің астында тұрған халықпыз. Бірақ бір тамшы суға зәру болған халықпыз біздер. Сондықтан мына аудан басшылығына, осыған атсалысқан азаматтардың барлығына рахметімізді айтамыз.
Жобаның бірінші кезеңінде топтық су құбырымен, оған қажетті қосалқы құрылстардың барлығы аяқталып, электр энергиясы тартылды. Екінші кезеңде қаланың ішкі су жүйелері реттеледі. Үшінші кезеңде Шардара ауданына қарасты 18 елдімекенге «Тама-Тастанбек» құдығынан жерасты таза ауыз суы беріледі.