«Ауыл» партиясы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бұл жолы Құрылтай депутаттығына кандидаттар Арбат саябағында жергілікті тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында партия өкілдері ақпараттық материалдар таратып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды.


Іс-шара аясында кандидаттар тұрғындар арасында арнайы сауалнама жүргізді. Қала тұрғындары «Ауыл» дегенде ойыңызға не келеді?» деген сұраққа жауап беріп, өз пікірлерімен бөлісті. Сондай-ақ партия өкілдері «Сити парк» саябағында домбырамен ән орындап, демалушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Белсенділер тұрғындарға ақпараттық үнпарақтар таратты. Айта кетейік, мұндай кездесулер сайлауалды бағдарламаны таныстыру, сондай-ақ халықтың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдау мақсатында ұйымдастырылуда.


ҒАНИ ҚАРАБЕКОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ
Бүгін Арбатта қала тұрғындарымен еркін форматта кездесу өткіздік. Келушілерге партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ақпараттық флаерлер тараттық. Сонымен қатар тұрғындардың пікірін тыңдап, «Ауыл» дегенде ойыңызға не келеді?» тақырыбында сауалнама жүргіздік.