Елде ертеңнен бастап жүк тасымалын бақылаудың жаңа жүйесі енгізіледі. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында жүк тасымалдайтын кейбір көліктерге навигациялық пломба орнатылады.


Бұл – жүктің қай жерде келе жатқанын нақты көрсететін электронды құрылғы. Оның көмегімен қозғалысты бақылап, тауар қауіпсіздігі жайлы ақпарат алуға болады. Жаңа талап теміржол арқылы алкоголь және темекі өнімдерін, санкциялық тауарларды, үлбір бұйымдарын, аяқ киім, киім-кешек пен электрониканы тасымалдауға қатысты болады. Ал Мемлекеттік кірістер комитеті тасымалдаушыларға жаңа ережелермен алдын ала танысу керегін ескертеді.