Тәуелсіз Қазақстанда бүкіл билік халыққа тиесілі. Елімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға барлық мүмкіндік бар. Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды бағдарламасы осылай басталады. Саяси ұйым монополияға, олигархиялық ықпалға және саяси лоббизмге қарсы. Социал-демократтар «Balabi Textile» шұлық фабрикасының ұжымымен кездесті.

ЖСДП сайлаушыларға «Прогресс жолындағы 20 белес» бағдарламасын ұсынып отыр. Бұл – социал-демократиялық қағидаттарға, халықаралық тәжірибеге және уақыт сынынан өткен практикалық шешімдерге негізделген кешенді даму жоспары. Бағдарлама елді дамытудың жүйелі бағыты ретінде айқындалған.

ҚУАНДЫҚ НҰРЖАУ, ЖСДП ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

«Balabi Textile» фабрикасына келіп, сайлауалды бағдарлама бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Мұнда жұмысшылармен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап бердік. Зейнет жасын төмендетуге қатысты бағдарламамыз халық тарапынан қолдау тауып отыр.

«Balabi Textile» фабрикасында 300-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Олар үш ауысымда жұмыс істеп, тәулігіне 50–60 мың жұп шұлық шығарады. Өндіріс үдерісі толық автоматтандырылған. Партия өкілдерінің бағдарламасымен танысқан жұмысшылар оған оң бағаларын берді.

АЛТЫНАЙ ӨМІРЗАҚ, ЖҰМЫСШЫ
«Balabi Textile» фабрикасының қаптау бөлімінде жұмыс істеймін. Бүгін бізге партия өкілдері келіп, бағдарламаларын жан-жақты түсіндірді. 23-інде ұжым болып бәріміз дауыс береміз. 00:46–00:51 Сайлауларда біздің ұжым әрдайым белсенділік танытады.



Бағдарлама азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға, әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға және Қазақстанның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған. Қоғам мен мемлекет азаматтардың белсенді қатысуы, адал еңбегі, білімі және азаматтық ұстанымы негізінде бірлесіп әрекет етуі тиіс.