Қазақстанда туристерге қызмет көрсету жаңа деңгейге көтеріледі. Енді еліміздегі визит-орталықтардың жұмысы бірыңғай стандартпен реттелмек. Туризм және спорт министрлігі қызметке қойылатын нақты талаптарды бекітіп, жұмыс тәртібін айқындайтын жаңа қағидаларды қабылдады.
Биыл визит-орталықтардың мәртебесі алғаш рет заңнамалық деңгейде бекітілді. Енді олар қызмет көрсетуге арналған ресми туризм нысаны саналады. Сондай-ақ нысанды орналастыру, салу, жаңғырту, жабдықтау және пайдалану тәртібі де заңмен реттеледі. Құжаттағы басты басымдықтардың бірі – қауіпсіздік. Жаңа қағидалар туристердің қауіпсіз саяхатын қамтамасыз етуге бағытталған.